Қауіпсіздік Шаралары; Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Жалпы Нұсқаулар - Siemens MR008 Series Instruction Manual

Hide thumbs Also See for MR008 Series:
Table of Contents

Advertisement

Қауіпсіздік шаралары
Бұл құрылғы бойынша маңызды қауіпсіздік техникасы
мен пайдалану жөніндегі нұсқаулар алу үшін құрылғыны
пайдаланбас бұрын берілген нұсқаулықты мұқият оқып
шығыңыз.
Бұл құрылғы тек жеке үй-жайда және тұрмыстық ортада
пайдалануға арналған. Құрылғыны тек қана әдеттегі тұрмыстық
өңдеу көлемі мен уақыты үшін қолданыңыз. Құрылғы тек қана
азық-түлік өнімдерін ұсақтауға немесе араластыруға арналған.
Құрылғыны басқа заттектерді немесе заттарды өңдеу үшін
қолдануға болмайды. Пайдалану бойынша нұсқаулықты сақтап
қойыңыз. Құрылғыны үшінші тарапқа табыс еткен жағдайда
пайдалану бойынша нұсқаулықты бірге беріңіз.
Құрылғыны тек бөлме температурасындағы үй-жайларда және
теңіз деңгейінен 2000 м дейінгі биіктікте қолданыңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
W Ток соғу қаупі бар
Құрылғыны әр пайдаланғаннан кейін, оны бақылаусыз
қалдырғанда, құрастырудан, бөлшектеуден немесе тазалаудан
бұрын және ақаулық орын алған жағдайда әрдайым электр
желісінен ажыратыңыз. Аталмыш құрылғыны дене, сезім немесе
ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сонымен бірге тәжірибесі және
білімі жеткіліксіз адамдар тек бақылауда болған жағдайда
немесе құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқау алып,
қолданудан пайда болатын тәуекелдерді түсінген жағдайда
ғана қолдана алады. Бұл құрылғыны балаларға қолдануға
рұқсат беруге болмайды. Құрылғы мен оның жалғағыш кабелін
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет. Балаларға
құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. Тазалау және техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын балалар орындамауы тиіс.
Жұмыс кезінде жылжытылған керек-жарақтарды немесе
қосалқы бөлшектерді алмастырмас бұрын құрылғыны өшіріп,
электр желісінен ажырату керек. Желілік ашаны құрылғыны
көтермес немесе қақпақты алып тастамас бұрын суырып
алыңыз. Өткір пышақтармен жұмыс істеген және ыдысты
босатқан және тазалаған кезде сақ болыңыз. Құрылғыны
тек фирмалық тақтайшада көрсетілген мәліметтер бойынша
жалғап қолданыңыз. Қуат сымында және құрылғыда зақымдар
болмағанда ғана пайдаланыңыз. Қуат сымын өткір жиектердің
немесе ыстық беттердің үстінен тартпаңыз.
Қауіпсіздік шаралары
kk
69

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Mr015 series

Table of Contents