Bosch Professional GBH 18V-26 Original Instructions Manual page 184

Hide thumbs Also See for Professional GBH 18V-26:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 16
184 | Қазақ
Құралды алмастыру (SDS-plus құралынсыз)
(GBH 18V-26)
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (G суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (22) енгізіңіз.
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (22) құрал
енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
– Бұрғылау патронының кілтін (26) тісті тоғыны бар
бұрғылау патронының (22) тиісті саңылауларына
енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (16) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (H суретін
қараңыз)
– Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (22) төлкесін
бұрғылау патроны кілтінің (26) көмегімен алмалы-
салмалы аспапты шығару мүмкін болғанша сағат
тілінің бағытына қарсы бұраңыз.
Құралды алмастыру (SDS-plus құралынсыз)
(GBH 18V-26 F)
Алмалы-салмалы аспапты енгізу (I суретін қараңыз)
Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау
немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ
құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен
бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1)
енгізіңіз.
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (28) мықтап ұстаңыз. Құрал
бекіткішін алдыңғы төлкені (27) құрал енгізілгенше
бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны (28) нық
ұстап тұрып, алдыңғы төлкені (27) шерту дыбысы
анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
– Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.
Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал
бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін
және құрал бекіткіші жабылмайды.
Бұл жағдайда алдыңғы төлкені (27) көрсеткі бағытына
қарсы бір рет бұраңыз. Сонан соң құрал бекіткішін
жабуға болады.
– Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (16) "Бұрғылау"
күйіне бұраңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару (J суретін
қараңыз)
– Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының
ұстағыш сақинасын (28) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы
төлкені (27) құралды шығару мүмкін болғанша бұрау
арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.
1 609 92A 5GC | (14.11.2019)
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
GDE 18V-16 (керек-жарақ) арқылы шаң сору (K
суретін қараңыз)
Бетон мен тас шаңдарын сорып алу үшін GDE 18V-16
сорғыш құрылғысы (керек-жарақ) қажет болады.
Бұл сору жүйесі ағаш, металл және пластмасса сияқты
шаңдар және денсаулық үшін зиянды шаңдар (мысалы,
асбест) үшін жарамды емес.
Пайдалану
Іске қосу
Аккумуляторды орнату
Электр құралыңыздың зауыттық тақтайшасында
u
белгіленген кернеуге ие түпнұсқа Bosch литий-
иондық аккумуляторларын ғана пайдаланыңыз.
Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақат алуға
немесе өртке әкелуі мүмкін.
– Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (11) кенет
іске қосылуына жол бермеу үшін оны ортаға
орнатыңыз.
– Аккумуляторды (14) т аккумулятор бөліміне
тірелгенше кіргізіңіз.
Жұмыс режимін реттеу
Электр құралының жұмыс режимін таңдау үшін соққыны/
айналуды тоқтату қосқышын (16) пайдаланыңыз.
– Жұмыс режимін ауыстыру үшін босату түймесін (15)
басып, соққыны/айналуды тоқтату қосқышын (16)
қажетті күйге шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.
Нұсқау: жұмыс режимін электр құралы өшірулі тұрғанда
ғана өзгертіңіз! Әйтпесе электр құралына зақым келуі
мүмкін.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents