Кепілдік Шарттары - Samsung VG-KBD1000 User Manual

Smart
Hide thumbs Also See for VG-KBD1000:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
КЕПІЛДІК
SAMSUNG ТД КЕРЕК-ЖАРАҚТАРЫНЫҢ КЕПІЛДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРІМ )АВСТРАЛИЯ МЕН ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯҒА ҒАНА ҚАТЫСТЫ(
Осы пайдаланушы нұсқаулығында берілген Samsung ТД керек-жарақтарының кепілдігі бұдан былай қолданылмайды )Австралия
мен Жаңа Зеландияға ғана қатысты(.
Кепілдік туралы ақпаратты қораптағы "Тұтынушылық тауарлар )LED, LCD, Плазма ТД және ТД керек-жарақтары(" деп аталатын
кәртішкеден қараңыз.
Samsung компаниясының бұл өніміне, сатып алған күннен бастап, ақаулығы бар бөлшектері мен жұмыстарына он екі )12(
айға кепілдік беріледі. Егер кепілдік шартына саятын қызмет қажет болса, алдымен өнімді сатып алған дилерге қайтаруыңыз
керек. Дегенмен, Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталықтары кепілдік шарттарын Кепілдік мерзімі аяқталғанша орындайды.
Толығырақ ақпаратты ең жақын уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласып алыңыз.
КЕПІЛДІК ШАРТЫ БОЙЫНША ШАҒЫМ ТҮСІРУ РӘСІМІ
Кепілдік шарты бойынша шағым түсіру үшін, Samsung уәкілетті қызмет көрсету орталығына Кепілдік мерзімі кезінде
хабарласып, өнімге қатысты туындаған мәселелерді талқылаңыз. Егер жөндеу немесе айырбастау жұмыстарын орындау қажет
болса, сізге Кепілдік шағымы нөмірі мен Уәкілетті қызмет көрсету орталығының мекенжайы беріледі.
Егер сізге өнімді жөндеу немесе айырбастау үшін Кепілдік шағымы нөмірі берілсе, өнімді Уәкілетті қызмет көрсету орталығына
төмендегілерді қоса жіберуіңіз керек:
)i( толтырылған кепілдік түбіртегінің көшірмесін, егер бұл құжат Samsung компаниясына әлдеқашан берілген болса, аты-
жөніңізді, мекенжайыңыз бен байланыс телефон нөміріңізді беріңіз;
)ii( өнімді жаңадан сатып алғанда берілген түпнұсқалық чек, инвойс немесе сатып алу парақшасы;
)iii( Кепілдік шағымы нөмірі.
Содан кейін Samsung өнімді жөндейді немесе ауыстырады да, берілген мекенжай бойынша өзіңізге қайтарады.
КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ
1.
Кепілдік тек жоғарыда аталып өткен кепілдік шағымын рәсімдеу шарттары орындалса ғана заңды күшке ие.
2.
Samsung жауапкершілігі өнімді жөндеу немесе өз шешіміне орай, өнімді немесе оның ақаулығы бар бөлшегін айырбастаумен
ғана шектеледі.
3.
Кепілдік шарты бойынша жөндеулерді тек Samsung уәкілетті орталықтары ғана жүзеге асыруға тиіс. Samsung тарапынан
рұқсат алмаған қызмет көрсету орталықтары мен делдал ұйымдар жүзеге асырған жөндеу жұмыстары үшін ешбір төлемақы
қайтарылмайды, және бұндай жөндеу жұмыстары мен өнімге зақым келтірген жөндеу жұмыстары кепілдік шартына кірмейді.
4.
Егер бұл өнімді, аталмыш өнім арналған немесе жасақталған елден басқа елде қолдану үшін, сол елдегі заң күшіне ие жалпы
заңдар мен техникалық стандарттарға немесе қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіру қажет болса, бұндай әрекет, өнім ақауы
бар материалдан жасалған немесе оны жасау барысында жұмыс ақауы орын алған дегенді білдірмейді. Бұндай өзгертулер де,
олардың салдарлары да бұл кепілдікке кірмейді, және бұндай шығындардың құны қайтарылмайды.
5.
Бұл кепілдікке келесі себептерге байланысты бүлінген немесе ақаулыққа ұшыраған өнімдер жатпайды, атап айтқанда:
a. апат, теріс қолдану немесе теріс пайдалану;
b. өнім көрсетілген мақсаттан басқа мақсатта қолданылса;
c. Samsung өндірмеген немесе сатпаған бөлшектер қолданылса;
d. Samsung жазбаша рұқсатынсыз енгізілген өзгертулер;
e. транзит, ұқыпсыздық, қуат қарқыны кенет арту немесе төмен түсу салдарынан болған жағдайлар;
f. күн күркіреу, су, өрт немесе басқа да табиғи апаттардың салдарынан келген нұқсан;
g. қалыпты ескіру немесе желіну; не
h. таратылым тәсілдерінің немесе елдердегі өнім стандарттарының әр түрлі болуы салдарынан болған жағдайлар.
6.
Бұл кепілдік өнімнің кепілдік мерзімі аяқталмай тұрып, оған заңды түрде иелік ету үшін сатып алған, кез келген сатып алушы
үшін жарайды.
7.
ЕГЕР ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМА ШЕКТЕУ САЛМАСА НЕМЕСЕ ҚАРАСТЫРМАСА, ОСЫ КЕПІЛДІКТЕГІ ЕШБІР ШАРТ,
SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДӘЛЕЛДЕНГЕН ҰҚЫПСЫЗДЫҒЫ САЛДАРЫНАН АДАМ ҚАЙТЫС БОЛСА НЕМЕСЕ
ЖАРАҚАТТАНСА, SAMSUNG КОМПАНИЯСЫН ЖАУПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТПАЙДЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН
ШЕКТЕМЕЙДІ.
8.
ЗАҢ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ, SAMSUNG МЫНА
ЖАҒДАЙЛАР ҮШІН ЖАУАПТЫ ЕМЕС: ЕШБІР ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, БАЙҚАУСЫЗ, ҚАСАҚАНА НЕМЕСЕ КҮТПЕГЕН НҰҚСАН
НЕМЕСЕ ШЫҒЫНДАР; НЕМЕСЕ ОСЫ ӨНІМДІ САТЫП АЛУҒА НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУҒА НЕ САТУҒА ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ
ЖАНАМА ТҮРДЕ БАЙЛАНЫСЫ БАР КІРІСТЕН АЙЫРЫЛУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІГІНЕН АЙЫРЫЛУ НЕ ДЕРЕКТЕРДІ
ЖОҒАЛТЫП АЛУ, РЕПУТАЦИЯДАН НЕМЕСЕ БИЗНЕСТЕН АЙЫРЫЛУ ТӘРІЗДІ SAMSUNG КОМПАНИЯСЫНА ХАБАРЛАНҒАН
НЕМЕСЕ ХАБАРЛАНБАҒАН НҰҚСАНДАР, ШЫҒЫНДАР.
9.
ЗАҢ БОЙЫНША ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛМАЙТЫН SAMSUNG ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕРІН ЕСКЕРМЕГЕНДЕ, SAMSUNG
КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОСЫ КЕПІЛДІК НЕМЕСЕ САТЫЛЫМ АЯСЫНДА НЕМЕСЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ОРЫНДАЛАТЫН
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ, ОСЫ ӨНІМДІ ЖАҢАДАН САТЫП АЛҒАН КЕЗДЕ ТӨЛЕНГЕН АҚЫ МӨЛШЕРІНЕН АСПАУҒА ТИІС:
10. ЕГЕР ОСЫ КЕПІЛДІКТЕ КӨРСЕТІЛМЕСЕ, БАРЛЫҚ ШАРТТАР, КЕПІЛДІКТЕР МЕН ТАЛАПТАР ЗАҢ НЕГІЗІНДЕ КӨРСЕТІЛГЕН
НЕМЕСЕ ЕГЕР БҰНДА ЕСЕПКЕ АЛЫНБАСА, ОНДА ЗАҢ РҰҚСАТ ЕТЕТІН ЕҢ ШЕТІН ДЕҢГЕЙГЕ САЙ ЕСЕПКЕ АЛЫНБАҒАН.
11. Жоғарыда көрсетілген кепілдік шарттары, сіздің сатып алушы ретіндегі заңды құқықтарыңызға нұқсан келтірмейді.
[
]VG-KBD1000_Rev_1_2_L15.indb 49
Казақ - 49
2012-12-14
11:13:08

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents