Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
LG телефоныңыз үшін интернеттен бағдарламалық құрал
жаңартулары
Бағдарламалық құрал жаңартулары туралы қосымша ақпарат алу
үшін http://www.lg.com/common/index.jsp бетіне кіріңіз.
Осы мүмкіндікті пайдаланып, телефонның микробағдарламасын
қызмет көрсету орталығына бармастан, ыңғайлы түрде интернет
арқылы ең соңғы нұсқасына жаңартуға болады. Бұл мүмкіндік LG
құрылғыңыз үшін жаңарақ микробағдарлама нұсқасын қолжетімді
еткенде ғана қолжетімді болады.
Ұялы телефонның микробағдарламасын жаңарту кезінде
пайдаланушының толық назары қажет болатындықтан,
жалғастырмас бұрын, әр қадамда пайда болатын нұсқаулар
мен ескертпелерді тексеріңіз. Жаңарту кезінде USB кабелін алу
мобильді телефонды қатты зақымдауы мүмкін екенін ескеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: LG компаниясы микробағдарлама жаңартуларын өз
қалауы бойынша тек таңдаулы үлгілерге қолжетімді ету құқығын
өзінде қалдырады және микробағдарламаның жаңарақ нұсқасы
телефондардың барлық үлгілері үшін қолжетімді болатынына кепілдік
бермейді.
Телефонның бағдарламалық құралын жаңарту
111