LG -V500 User Manual page 238

Hide thumbs Also See for LG-V500:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 345
АБАЙЛАҢЫЗ
Тек осы құрылғы үлгісі үшін мақұлданған батареяларды,
зарядтағышты және қосымша құралдарды пайдаланыңыз. Басқа
түрлерін пайдалану құрылғы мақұлдауын немесе кепілдігін жарамсыз
етуі және қауіпті болуы мүмкін.
• Бұл құрылғыны бөлшектеуге болмайды. Жөндеу жұмысы қажет
болғанда, құрылғыны білікті техникалық маманға апарыңыз.
• Кепілдікке жататын жөндеулерге LG компаниясының ұйғаруымен
бөлшектерді немесе панельдерді жаңасымен не жөнделгенімен
ауыстыру жұмыстары кіруі мүмкін. Бөлшектердің функциясы
ауыстырылатын бөлшекпен бірдей болу керек.
• Теледидар, радио және компьютер сияқты электр жабдықтарынан
алшақ жерде ұстаңыз.
• Құрылғыны жылу батареясы немесе пеш сияқты жылу көздерінен
аулақ жерде сақтау керек.
• Түсіріп алмаңыз.
• Бұл құралды шайқамаңыз және соғып алмаңыз.
• Ерекше ережелермен талап етілген жерлерде құрылғыны сөндіріңіз.
Мысалы, құрылғыны емханаларда пайдаланбаңыз, өйткені ол
медициналық жабдықтарға әсер етуі мүмкін.
• Зарядталып жатқанда, құрылғыны ылғалды қолмен ұстауға болмайды.
Бұл ток соғуына себеп болып, құрылғыны қатты зақымдауы мүмкін.
• Құрылғыны тез өртенетін заттар жанында зарядтамаңыз, өйткені
құрылғы қызып, өрт шығу қаупін төндіруі мүмкін.
• Құрылғының сыртын құрғақ шүберекпен сүртіңіз (бензол, еріткіш
немесе спирт қолданбаңыз).
• Құрылғыны жұмсақ жиһаздардың үстінде зарядтамаңыз.
10

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents