Қазақша - Philips PT717 User Manual

Hide thumbs Also See for PT717:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
54
ҚазаҚша
Кіріспе
Өнімді сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош
келдіңіз! Philips компаниясы ұсынатын қолдауды толығымен пайдалану
үшін өнімді www.philips.com/welcome веб-торабында тіркеңіз.
Осы Philips қырыну ұстарасын сатып алғаныңызға рахметімізді айтамыз.
Мына қолданушы нұсқасын оқыңыз, себебі ол осы ұстараның керемет
мүмкіндіктері жөнінде, әрі қырынуды жеңіл және рахат ететін жақсы
кеңестер туралы ақпарат ұсынады.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
1
Қорғау қақпағы
2
Қыру бөлігі
3
Қырыну бөлігін босату түймесі
4
Электр ұстараны қосу/өшіру түймесі
5
Адаптер
6
Щетка
Ескертпе! Түр нөмірін ұстараның артқы жағынан табуға болады.
Маңызды
Құралды қолданбас бұрын, осы пайдаланушы нұсқаулығын мұқият оқып
шығып, болашақта анықтамалық құрал ретінде пайдалану үшін сақтап
қойыңыз.
Қауіпті жағдайлар
-
Адаптерді құрғақ күйде ұстаңыз.
-
Адаптерді ағын су астында жууға тыйым салынады.
абайлаңыз!
-
Адаптерде трансформатор бар. Адаптерді кесіп тастап, оның
орнына басқа штепсельдік ұш жалғауға болмайды, бұл өте қауіпті
жағдай туғызады.
-
Құралды мүмкіндігі мен ойлау қабілеті шектеулі және білімі мен
тәжірибесі аз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігіне
жауапты адамның қадағалауымен немесе құралды пайдалану
жөнінде нұсқауымен ғана қолдануына болады.
-
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеңіз.
-
Ағын сумен шаймас бұрын, ұстараны әрдайым розеткадан
ажыратыңыз.
-
Душта пайдалануға тыйым салынады.
-
Ванна шетіне, душқа немесе су толтырылатын басқа жерге жақын
жерде бұл құралды пайдалануға болмайды.
Ескерту
-
Ұстараны суға немесе басқа сұйықтыққа батыруға болмайды.
-
Ұстараны 80°C-тан жоғары ыстық сумен шаюға болмайды.
-
Ыстық суды абайлап пайдаланыңыз. Қолды күйдіріп алмас үшін,
судың ыстық емес екенін тексеріп тұрыңыз.
-
Ұстараны ыдыс жуғышта жууға болмайды.
-
Абайлаңыз! Бұл бөлікті сумен тазаламас бұрын тасымалы бөлігіндегі
алынбалы сымды шығарып алыңыз.

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Pt715Pt712Pt711

Table of Contents