LG G3s D724 User Manual page 282

Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 312
ЕСКЕРТПЕ. Ұшақ режимі қосылып тұрғанда, қос SIM картасының параметрлері
ажыратылады.
Деректер роумингі – белгілеу үшін түртіңіз. Роумингте жүргенде деректер
қызметтеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
< Wi-Fi >
Wi-Fi – қол жетімді Wi-Fi желілеріне қосылу үшін Wi-Fi функциясын қосады.
КЕҢЕС! MAC мекенжайын алу әдісі
MAC сүзгілері бар кейбір сымсыз желілерде байланыс орнату үшін
маршрутизаторға телефонның MAC мекенжайын енгізу қажет болуы мүмкін.
MAC мекенжайын мына пайдаланушылық интерфейстен табуға болады:
> Қосымшалар қойындысы > Баптаулар > Желілер қойындысын > Wi-Fi >
Қосымша Wi-Fi > MAC адресі опциясын түртіңіз.
< Bluetooth >
Bluetooth функциясын пайдалану үшін Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігін
қосыңыз немесе өшіріңіз.
< Ұялы деректер >
Деректерді пайдалануды көрсетеді және мобильді деректер шегін орнатады.
< Қоңырау баптаулары >
Провайдеріңіз ұсынатын қоңырауларды қайта бағыттау сияқты телефон қоңырауы
параметрлерін және басқа арнайы мүмкіндіктерді реттеуге болады.
Дауыс поштасы – оператордың дауыстық пошта қызметін таңдауға мүмкіндік
береді.
Бекітілген теру нөмірлері – қосу және телефоннан қоңырау шалуға болатын
нөмірлердің тізімін жасау. Бұл үшін оператордан алынатын PIN2 коды қажет болады.
Телефоннан тек тізімде бекітілген теру нөмірлеріне қоңырау шалуға болады.
Қоңырауды бұру – желі бос емес кезде, жауап болмаған кезде және сигнал
болмағанда барлық қоңырауларды бұру керектігін таңдаңыз.
Қоңырауға тыйым салу – кіріс, шығыс немесе халықаралық қоңырауларды
құлыптау.
Қоңырау ұзақтығы – қоңыраулар ұзақтығын, соның ішінде соңғы қоңырауды,
шалынған қоңырауларды, қабылданған қоңырауларды және барлық қоңырауларды көру.
>
>
75

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents