Мультимедиалық Құрылғы (Mtp) Режимін Пайдаланып Музыканы, Фотосуреттерді Және Бейнелерді Тасымалдау; Windows Media Player Бағдарламасымен Синхрондау - LG G Pad 7.0 User Manual

Hide thumbs Also See for G Pad 7.0:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 357
Мультимедиалық құрылғы (MTP) режимін пайдаланып
музыканы, фотосуреттерді және бейнелерді тасымалдау
1
Планшетті USB кабелі арқылы компьютерге жалғаңыз.
2
LG Android Platform драйвері компьютерге орнатылмаған болса,
параметрлерді қолмен өзгерту қажет. Параметрлерді өзгерту үшін
күй жолағына жылжып, ағымдағы USB байланыс режимі > Медиа
құрылғы (MTP) опциясын түртіңіз.
3
Енді компьютердегі мультимедиалық құрылғы мазмұнын көріп,
файлдарды тасымалдауға болады.
Ескертпе. Егер компьютерге жалғау параметрлерін өзгерткіңіз келсе,
күй жолағына жылжып, USB байланыс режимі опциясын таңдаңыз.
Бұл параметр тек USB кабелін планшетке жалғаған кезде күй
жолағынан көрінеді.
Windows Media Player бағдарламасымен синхрондау
Компьютерде Windows Media Player бағдарламасы орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
1
Планшетті Windows мультимедиа ойнатқышы орнатылған
компьютерге қосу үшін USB кабелін пайдаланыңыз.
2
Медиа құрылғы (MTP) опциясын таңдаңыз.
3
Қосылғанда компьютерде қалқымалы терезе пайда болады. Музыка
файлдарын синхрондау үшін Windows Media Player опциясын
таңдаңыз.
4
Қалқымалы терезеде құрылғы атауын өңдеңіз немесе енгізіңіз
(қажет болса).
5
Музыка файлдарын таңдап, синхрондау тізіміне сүйреңіз.
59

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents