Қауіпсіз Және Тиімді Пайдалану Туралы Нұсқаулар - LG G2 User Manual

Hide thumbs Also See for G2:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 421
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Осы қарапайым нұсқауларды оқыңыз. Осы нұсқауларды орындамау қауіпті
немесе заңсыз болуы мүмкін.
Радио жиілігі қуатының әсері
Радиотолқын әсері және меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) туралы ақпарат.
Бұл
ұялы телефон моделі радиотолқындардың әсеріне қойылатын
қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған. Бұл талаптар
жасы мен денсаулық жағдайына қарамастан, барлық пайдаланушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, қауіпсіздік шегін қамтитын ғылыми нұсқауларға
негізделген.
Радиотолқын әсері нұсқаулары үшін меншікті сіңіру коэффициенті (МСК) деп
аталатын шама бірлігі қолданылады. МСК сынақтары стандартты әдістер
бойынша барлық пайдаланыстағы жиілік жолақтарындағы ең жоғарғы рұқсат
етілген қуат деңгейінде телефоннан сигнал жіберу арқылы жүргізіледі.
Әртүрлі LG телефон үлгілерінің МСК деңгейлері арасында
айырмашылықтар болса да, олардың барлығы радиотолқындар әсері
бойынша керекті нұсқауларға сәйкес келетін етіп жобаланған.
Иондамайтын сәулеленуден қорғаудың халықаралық комиссиясы (ИСҚХК)
ұсынған SAR шектеуінің орташа мәні – 10 г-нан астам ұлпада 2 Вт/кг.
Осы телефон моделінің сыналған ең жоғары МСК мәні құлақтың жанында —
0,409 Вт/кг (10 г), ал денеде тасып жүргенде — 0,470 Вт/кг (10 г).
Бұл құрылғы қалыпты күйде құлақтың жанында пайдаланғанда немесе
киімнен кем дегенде 1,5 см қашықтықта орналасқанда ЖҚ әсері бойынша
керекті нұсқауларға сәйкес келеді. Қапты белдік немесе ұстағыш ретінде
денеде ілгенде, оның құрамында металл болмау керек және өнімді киімнен
кемінде 1,5 см қашықтықта ұстау керек. Деректер файлдарын немесе
хабарларды тасымалдау үшін, бұл құрылғы сапалы желі байланысын
қажет етеді. Кейбір жағдайларда, деректер файлдарын немесе хабарларды
тасымалдау осындай байланыс қол жетімді болмайынша кешігуі мүмкін.
5

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents