PC бағдарламалық құралы (LG PC Suite)
«LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралы — USB кабелі немесе Wi-Fi
байланысы арқылы құрылғыны компьютерге қосуға көмектесетін бағдарлама.
Қосылғаннан соң құрылғының функцияларын компьютерден пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралы арқылы мыналарды
орындауға болады...
Мультимедиалық мазмұндарды (музыка, фильм, суреттер) компьютерден
•
басқарып, ойнату.
Мультимедиалық мазмұндарды құрылғыға жіберу.
•
Құрылғы мен компьютердегі деректерді (кестелерді, контактілерді, бетбелгілерді)
•
синхрондайды.
Құрылғыдағы қолданбалардың сақтық көшірмесін жасау.
•
Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңарту.
•
Құрылғының деректерінің сақтық көшірмесін жасап, қалпына келтіру.
•
Компьютердегі мультимедиалық мазмұнды құрылғыңыздан ойнату.
•
Құрылғыда жазбалар жасау, өзгерту және олардың сақтық көшірмелерін жасау.
•
ЕСКЕРТПЕ. «LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралын пайдалану жолын
табу үшін қолданбадан Анықтама мәзірін пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын орнату
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын LG веб-бетінен жүктеп алуға
болады.
1
www.lg.com мекенжайына кіріп, қажетті елді таңдаңыз.
2
Қолдау > МОБИЛЬДІ ҚОЛДАУ > LG ұялы телефондары тармағына өтіңіз >
үлгіні таңдаңыз немесе Қолдау > Ұялы телефон тармағына өтіңіз > үлгіні
таңдаңыз.
3
Нұсқаулықтар және жүктеп алу ішінен Компьютермен синхрондау тармағын
түртіп, «LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін
Жүктеп алу түймесін басыңыз.
88