Samsung BD-C6900 User Manual page 204

Hide thumbs Also See for BD-C6900:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
ЕСКЕРТПЕ
Сіздің аймағыңыздан тыс жерде сатып алынған кейбір
коммерциялық дискілер және DVD дискілері бұл өнімде
ойнатылмауы мүмкін. Мұндай дискілерді ойнатқанда
«Этот диск нельзя воспроизвести.» немесе «Не удается
прочитать диск. Проверьте региональный код диска»
хабарлары көрсетіледі.
Кейбір диск түрлері үшін, сондай-ақ бұрышты өзгерту
және кадр пішімін реттеу сияқты ерекше жұмыстар
жасалғанда ойнату орындалмауы мүмкін.
Диск туралы толық ақпарат диск қорабында жазылған.
Қажет болса, соны қараңыз.
Дискінің кірлеуіне немесе сызылуына жол бермеңіз.
Жазу бетіндегі саусақ іздері, кір, шаң, сызаттар немесе
темекі күлі дискіні ойнатуға жарамсыз етуі мүмкін.
BD-J тақырыбы ойнатылғанда жүктеу қалыпты
тақырыпқа қарағанда ұзағырақ уақыт алуы немесе
кейбір әрекеттер баяу орындалуы мүмкін.
Бұл өнім жұмыс пәрмендерінің барлығына жауап
бермеуі мүмкін, өйткені кейбір Blu-ray, DVD және CD
дискілері ойнатылу кезінде арнайы немесе шектеулі
жұмыс және мүмкіндіктерге ғана жол береді.
Мұның өнімдегі ақау емес екенін ескеріңіз.
Samsung компаниясы бұл өнімнің Blu-ray, DVD
немесе CD логотипі бар әрбір дискіні ойнатуына кепілдік
бере алмайды, себебі дискілер пішімдері жаңартылып
тұрады және Blu-ray, DVD, CD бағдарламалық құралын
жасау және/немесе дискілерді өндіру кезінде ақаулар
мен қателер туындау мүмкін.
Сұрақтарыңыз болса немесе бұл өнімде Blu-ray,
DVD немесе CD дискілерін ойнатуда қате орын алса
SAMSUNG компаниясының тұтынушыларға қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Сонымен қатар, ойнату шектеулері туралы қосымша
ақпарат үшін осы нұсқаулықтың қалғанын оқыңыз.
Blu-ray дискісінің үйлесімділігі
Blu-ray дискісі жаңа және дамып келе жатқан
пішім болып табылады.
Сондықтан, диск үйлесімділігіне қатысты
мәселелер орын алуы мүмкін.
Дискілердің барлығы үйлесімді емес және кез
келген диск ойнатылмауы мүмкін. Қосымша
ақпарат үшін осы нұсқаулықтың Сәйкестік пен
үйлесімділік ескертуі бөлімін қараңыз.
Диск түрлері
BD-ROM
Бұл Blu-ray дискісін тек ойнатуға болады.
Бұл өнім алдын ала жазылған коммерциялық
BD-ROM дискілерін ойнатады.
BD-RE/-R
Бұл Blu-ray дискісіне жазуға және оны ойнатуға
болады.
Бұл өнім үйлесімді басқа Blu-ray диск жазғыштары
жазған BD-RE/-R дискілерін ойнатады.
DVD-VIDEO
Бұл өнім бейне фильмдері бар алдын ала
жазылған коммерциялық DVD дискілерін
(DVD-VIDEO дискілері) ойнатады.
Екі қабатты DVD-VIDEO дискісінің бірінші
қабатынан екіншісіне ауысқанда бейне және
дыбыс біраз дірілдеуі мүмкін. Бұл өнімнің
ақаулығы емес.
DVD-RW
Бұл өнім DVD бейне жазғышында жазылған және
пішімделген DVD-RW дискілерін ойнатады.
Ойнату мүмкіндігі жазылу жағдайларына
байланысты болуы мүмкін.
DVD-R
Бұл өнім DVD бейне жазғышында жазылған және
пішімделген DVD-R дискілерін ойнатады. Ойнату
мүмкіндігі жазылу жағдайларына байланысты
болуы мүмкін.
DVD+RW
Бұл өнім DVD бейне жазғышында жазылған
DVD+RW дискілерін ойнатады. Ойнату
мүмкіндігі жазылу жағдайларына байланысты
болуы мүмкін.
11
Қазақша

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents