Download Print this page

Philips 6918231PH Manual page 97

Starter set luminaire control plugs
Hide thumbs Also See for 6918231PH:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
3. Philips LivingWhites қашықтан басқару құралына қосымша лампаларды қосу
Әсерлі жарық реңктерін жасау үшін, басқа Philips LivingAmbiance / LivingWhites өнімдерін Philips
LivingWhites қашықтан басқару құралына қосуға болады. Бір қашықтан басқару құралына 50
өнімге дейін қосуға болады.
Қашықтан басқару құралына бірнеше Philips LivingWhites өнімін (басқа штепсельдік ұштарды,
қуат үнемдегіштерді және шамдарды) жалғауға болады. Philips LivingWhites өнімін қосу
үшін, қашықтан басқару құралын оған жақындатып, «I» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет
жыпылықтайды. Қашықтан басқару құралынан дыбыстық сигнал берілгенше «I» түймесін басып
тұрыңыз; шам екі рет жылдам жыпылықтайды. Ол енді қашықтан басқару құралына жалғанды
және соңғы қолданылған параметрге ауысады.
LivingWhites өнімін қашықтан басқару құралынан ажырату қажет болса, құралды өнімге
жақындатып, «0» түймесін басып тұрыңыз. Шам 3 рет жыпылықтайды. «0» түймесін қашықтан
басқару құралынан сигнал берілгенше жібермеңіз. Шам баяу сөнеді.
Сонымен қатар, жоғарыда сипатталғандай жолмен осы қашықтан басқару құралына басқа
SmartLink өнімдерін (мысалы, Philips LivingAmbiance, LivingColors) қосуға болады. Өнімнің
қорабында SmartLink логотипі болса, оны осы қашықтан басқару құралына қосуға болады. Бұл
қашықтан басқару құралымен түсті шамның түсін өзгертуге болмайтынын ескеріңіз.
4.
Жиі қойылатын сұрақтар
Штепсельдік ұшқа жалғанатын шамның ең жоғары қуат тұтыну деңгейі қандай?
• 300 Ватт
Шамды қашықтан басқарудың ең үлкен арақашықтығы қандай?
Шам қашықтан басқару құралына бағынбайды. Не істеу керек?
• Қашықтан басқару құралының штепсельдік ұшқа жалғанғанын тексеріңіз (осы
нұсқаулықтың 3.1 бөлімін қараңыз).
• Қашықтан басқару құралының батареяларын тексеріңіз. Батареялар дұрыс орналасқан
(+ және -) және зарядталған болуы керек. Қашықтан басқару құралының барлық
түймелері жыпылықтап тұрса, батареяларды ауыстыру керек.
• Сирек жағдайларда бұл сымсыз желінің (мысалы, сымсыз маршрутизатордың)
шамадан тыс жүктелуінен туындауы мүмкін. Шамдарды маршрутизатордан алшақтатып
көріңіз. Не болмаса, мына әрекеттердің біреуін орындаңыз:
Штепсельдік ұштағы көк жарық диоды жыпылықтап тұр. Не істеу керек?
• LivingWhites штепсельдік ұшын розеткадан ажыратып, жыпылықтауы тоқтағанша,
бірнеше секунд күтіңіз. Содан кейін оны қайтадан жалғаңыз.
• Қайтадан жыпылықтай бастаса, 300 Ваттан көп қуат тұтынатын шамға жалғанғанын
білдіреді. Мұндай өнім LivingWhites шамын басқару штепсельдік ұшымен жұмыс істей
алмайды.
Қашықтан басқару құралы кемінде шамдардың біреуінен 10 метр қашықтықта
жұмыс істейді.
Осы басқару құралымен байланысқан шамдардың барлығы қосылып
тұрғанын тексеріңіз, әйтпесе бұл әрекеттен кейін олар құралмен
басқарылмайды.
«I» және үш нүктелі реңк түймесін бір уақытта кемінде 5секунд ұстап
тұру арқылы басқа сымсыз арнаға ауысыңыз (растау үшін, шамдар
жыпылықтайды).
Бұл әрекетті 3 рет қайталауға болады. Әртүрлі жерлерден орындаған дұрыс.
97

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

69182-31-pfLivingwhites 69182/31/ series