Download Print this page

Philips 6918231PH Manual page 96

Starter set luminaire control plugs
Hide thumbs Also See for 6918231PH:

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
штепсельдік ұшын розеткаға қосыңыз.
Артындағы түймесін басып, қашықтан басқару құралындағы батарея бөлімінің қақпағын
4.
ашыңыз. Жинаққа кіретін 3 AAA батареясын (+ және – жақтарын көрсетілгендей
қаратып) салыңыз.
Енді екі шамды қашықтан басқару құралымен басқаруға болады.
2. Реттелетін жарықпен ұнамды ортаны жасау
Төмендегі әрекеттерді орындап, ыңғайлы ортаны жасауға болады:
1.
Күңгірттеу дөңгелегін пайдалану. Жарық деңгейін реттеу үшін, дөңгелекті саусақпен
айналдыруға болады (тек жарығы реттелетін лампалар үшін).
2.
Шамдарды жекелеп реттеу және таңдау. Екі шамды бірге немесе бөлек басқаруға
болады. Бір шамды басқару үшін, оны таңдау керек. Ол үшін шам таңдау түймелерінің
біреуін пайдаланыңыз. Шам таңдау түймелерінің бірін басып тұрсаңыз, таңдалған
шам жыпылықтай бастайды. Ол қажетті шам болмай шықса, түймені босатып,
қайта басыңыз, сонда екіншісі жыпылықтай бастайды. Шам таңдалғанда, қашықтан
басқару құралындағы шам таңдау көрсеткіші (жарық лампасы) жанады. Яғни енді тек
таңдалған шамды ғана реттеуге (мысалы, оны күңгірттеуге немесе қосуға/өшіруге)
болады. Ешқандай шам таңдалмағанда (шам таңдау көрсеткіші сөніп тұрады), барлық
реттеулер қашықтан басқару құралына қосылған шамға қолданылады (мысалы,
бөлмедегі барлық шамды күңгірттеуге болады).
3.
Жарық реңктерін жасау. Ерекше жарық түрі қажет болса (мысалы, бір шам өшкен, ал
екіншісі аздап күңгірттенген), сол реңкті қайта пайдалану үшін сақтап қоюға болады.
Қашықтан басқару құралы дыбыстық сигнал шығарғанша Реңк түймелерін басып
тұрыңыз. Енді бұл реңк басылған Реңк түймесінің функциясы ретінде сақталады.
Жарықты қалауыңызша реттей беруге болады. Кез келген уақытта сақталған реңкті
қайтару үшін, сақтағанда басылған Реңк түймесін басыңыз. Сол Реңк түймесі жанып,
реңктің таңдалғанын көрсетеді, ал LivingColors шамы сақталған параметрге өтеді.
Ең көбі 3 реңк (әр Реңк түймесі үшін біреуден) сақтауға болады.
«0» (өшіру) түймесін қысқа басу арқылы шамдарды өшіріп тастаңыз. Екі шам да
жайлап күңгірттеніп барып, 12 секундтан кейін өшеді. Бұл бөлмеден шығып үлгеру
үшін жасалған. «0» түймесін қайта бассаңыз, шамдар бірден өшеді. «I» (қосу) түймесін
басса, барлық шамдар қайта қосылады.
Қашықтан басқару құралы
Жарықты таңдау
Өшіру / қосу
Жарықтығын
арттыру /
жарықтығын азайту
Реңк түймелері
96

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

69182-31-pfLivingwhites 69182/31/ series