Philips EnergyUp HF3422 Manual page 28

Hide thumbs Also See for EnergyUp HF3422:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

ҚАЗАҚША
28
Жарық күші
Philips EnergyUp құрылғысын қосымша жарық көзі ретінде
пайдаланыңыз. Philips EnergyUp құрылғысын жақсы жарықтандырылған
бөлмеде пайдалану ұсынылады. Жарықтықты ыңғайлы деңгейге дейін
реттеңіз. Көзіңіз қатты жарыққа үйренуі үшін бірнеше минут күтіңіз.
Егер ең жоғары параметр сіз үшін тым жарық болса, төменірек
қарқындылықты пайдаланыңыз. Егер бір апта ішінде оң әсерді
сезбесеңіз, жарық деңгейін арттырыңыз.
Құрылғыны пайдалану әдісі
1
Тіректі шығарып, құрылғыны үстелге қойыңыз (Cурет 2).
2
Шағын штепсельді құрылғыдағы ұяшыққа қосыңыз. (Cурет 3)
3
Адаптерді қабырғадағы розеткаға қосыңыз (Cурет 4).
4
Құрылғыны көз аясында қолыңыз жететін жерге (шамамен
көздеріңізден 50-75 см қашықтықта) орнатыңыз. Сәуле бетіңізді
қамтуы тиіс (Cурет 5).
Құрылғыны пайдаланып жатқанда оқуға, тамақ ішуге, компьютерде
-
жұмыс істеуге, теледидар көруге немесе жаттығуға болады.
Ең жақсы нәтижелер алу үшін құрылғыны диафрагмамен (асқазан
-
аумағы) бірдей деңгейге қойыңыз, мысалы, оны өзіңіз отырған
үстелге қойыңыз.
Өте ыңғайлы болуы үшін құрылғыны жақсы жарықтандырылған
-
бөлмеде пайдалану қажет.
Ескертпе: Құрылғы жарығына тікелей қарамаңыз. Көк жарық
көзіңізге тікелей жетпесе де жеткілікті.
5
Құралды қосу үшін басқару түймесін жылдам басыңыз.
Құрал төменгі параметрмен қосылады (Cурет 6).
6
Егер басқару түймесін қайтадан басып жіберсеңіз, жарық
қарқындылығы үшін орташа параметр таңдалады. Жарық
қарқындылығының жоғары параметрін таңдау үшін басқару
түймесін қайта басыңыз (Cурет 7).

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Energyup hf3422/70

Table of Contents