Download Print this page

Bosch GCD 12 JL Original Instructions Manual page 48

Professional
Hide thumbs Also See for GCD 12 JL:

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
48 | Қазақ
– Бекіткіш бұранданы (26) (шамамен 2 айналымға)
крест ойықты бұрауышпен (12) босатыңыз.
Бұранданы толық шығармаңыз.
– Бекіткіш бұранданы (27) (шамамен 6 айналымға)
крест ойықты бұрауышпен (12) босатыңыз.
Бұранданы толық шығармаңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, маятниктік қорғаныш
қаптаманы (4) тірелгенше жоғары қайырыңыз.
– Содан кейін маятниктік қорғаныш қаптаманы (4)
қаптама панельмен (21) бірге бекіткіш бұрандадан
(27) артқа қарай тартып, маятниктік қорғаныш қаптама
бағыттауыш болты (28) арқылы қамытта (22) ұсталуы
тиіс.
– Ішкі алты қырлы бұранданы (29) жинақтағы алты
қырлы дөңбек кілтпен (12) бұрап, дәл сол уақытта
шпиндель бекіткішін (3) тірелгенше басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (3) басып тұрып, бұранданы (29)
сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
– Қысқыш фланецті (30) алып тастаңыз.
– Ара дискісін (31) алып тастаңыз.
Ара дискісін орнату
Қажет болса, барлық монтаждалатын бөліктерді орнатпас
бұрын тазалаңыз.
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (32)
орнатыңыз.
Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
u
дискісіндегі көрсеткі бағыты) маятниктік
қорғаныш қаптамадағы көрсеткі бағытымен
сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (30) және бұранданы (29)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (3) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытымен тірелгенше
бұрап бекітіңіз.
– Шпиндель бекіткішін (3) қайтадан босатыңыз. Қажет
болса, тұтқаны қолмен жоғары қарай тартыңыз.
– Бекіткіш иінтіректі (1) басып, маятниктік қорғаныш
қаптаманы (4) қаптама панельмен (21) бірге бекіткіш
бұранданың (27) астына қайтадан жылжытыңыз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы (4) ара дискісі толық
жабылғанша баяу төмен қарай жылжытыңыз.
– (27) және (26) бекіткіш бұрандаларын қайтадан бұрап
бекітіңіз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (C суретін
қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (14) әртүрлі жұмыс
орындарына тасымалдау кезінде электр құралын
қолайлы пайдалануға көмектеседі.
1 609 92A 4SR | (27.02.2019)
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасынан (16) сәл төмен басып,
тасымалдау кезіндегі қорғанысты (14) босатыңыз.
– Тасымалдау кезіндегі қорғанысты (14) толық сыртқа
қарай тартыңыз.
– Манипуляторды баяу жоғары қарай бағыттаңыз.
Нұсқау: тасымалдау кезіндегі қорғаныс ішке
басылмағанына көз жеткізіңіз, әйтпесе манипуляторды
қажетті тереңдікке бұрау мүмкін болмайды.
Электр құралының қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Манипуляторды тасымалдау кезіндегі қорғаныс (14)
ішке толық басылғанша төмен қарай жылжытыңыз.
Тасымалдау бойынша қосымша нұсқаулар (қараңыз
„Тасымалдау", Бет 50).
Жұмыс істеуге дайындық
Аралау үстелін ұзарту (D суретін қараңыз)
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелін қосымша ұзартқыш (11) арқылы солға
қарай ұзартуға болады.
– Қыспа иінтіректі (10) төмен қарай қайырыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (11) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қыспа
иінтіректі (10) қайтадан жоғары қарай тартыңыз.
Көлденең еңіс бұрышын реттеу (E суретін қараңыз)
Көлденең еңіс бұрышын 0° және 45° аралығында реттеуге
болады.
Маңызды реттеу параметрлері бұрыштық тіректегі (6)
тиісті белгілермен белгіленген. 0° және 45° күйлер тиісті
шектік тірекпен қамтамасыз етіледі.
– Бұрыштық тіректің (6) қысқыш тұтқасын (13)
босатыңыз.
– Бұрыштық тіректі (6) бұрыш индикаторы (33) қажетті
еңіс бұрышын шкалада (34) көрсеткенше бұраңыз.
– Қысқыш тұтқаны (13) қайтадан тартыңыз.
Кесік сызығын белгілеу (F суретін қараңыз)
Лазер сәулесі ара дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылайша дайндаманы аралау үшін маятниктік қорғаныш
қаптаманы ашпай дәл орналастыруға болады.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен (19) қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамадағы лазер сызығының оң жақ
жиегіне бағыттаңыз.
Нұсқау: аралау алдында кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріп шығыңыз (қараңыз „Лазерді
реттеу", Бет 50). Лазер сәулесі, мысалы, қарқынды
пайдалану кезіндегі діріл себебінен ығысуы мүмкін.
Дайындаманы бекіту (G суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Bosch Power Tools

Advertisement

loading