Download Print this page

Bosch GHO 16-82 Professional Original Instructions Manual page 111

Hide thumbs

Advertisement

Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
u
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.
Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және
u
май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар
мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді
қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей
u
қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл
электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз
етеді.
Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
Аспапты төменге қоюдан алдын кескіш тоқтауын
u
күтіңіз. Шығып тұрған айналып тұрған кескіш бетке
тиіп басқылау жоғалтуына және қатты
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Тоқ кабелін тиіп кету мүмкіндігі себебінен кесу
u
құрылғысын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз.
Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр
құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны
тоқ соғуы мүмкін.
Дайындаманы тұрақты ретте ұстау үшін бекіту
u
және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолын
пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге
тіреп ұстау оны тұрақты емес қылып бақылау
жоғалуына алып келуі мүмкін.
Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
u
апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
u
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен
u
жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік
зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.
Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып
u
жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты
жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр
сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Жонғымен жұмыс істегенде табандығының
u
дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері
жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі
мүмкін.
Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
u
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
Bosch Power Tools
Өнім және қуат сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін
ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы брус және тақта сияқты ағаш өнімдерін
жонғымен өңдеуге арналған. Ол сондай -ақ қырларды
жону және ою үшін де жарамды.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Жоңқалау тереңдігі шкаласы
(2) Жоңқалау тереңдігінің айналмалы реттегіші (беті
оқшауланған)
(3) Жоңқа шығару келте құбыры (GHO 26-82 D: таңдау
бойынша оң жақ/сол жақ)
(4) Ажыратқышты іске қосылудан қорғайтын құлып
(5) Қосқыш/өшіргіш
(6) Жоңқа шығару бағытын ауыстырып қосу иінтірегі
(GHO 26-82 D)
(7) Жонғы табандығы
(8) V тәрізді ойық
(9) Тұтқа (беті оқшауланған)
(10) Пышақ бастиегі
(11) Жонғы пышағын қысқыш элемент
(12) Жонғы пышағын бекіту бұрандасы
(13) HM/TC жонғы пышағы
(14) Алты қырлы кілт
(15) Сорғыш шланг (Ø 35 мм)
A)
(16) Шаң/жоңқа жинағыш
(17) Параллель тірек
(18) Ойық ені шкаласы
(19) Ойық енін реттейтін гайка
(20) Параллель/бұрыштық шектегішке арналған
бекіткіш бұранда
A)
(21) Бұрыштық шектегіш
(22) Бұрышты реттейтін гайка
(23) Ою тереңдігінің шектегішін бекіту бұрандасы
(24) Ою тереңдігінің шектегіші
(25) Сақтайтын башмак
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды
біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Қазақ | 111
A)
A)
1 609 92A 4LF | (26.10.2018)

Hide quick links:

Advertisement

loading

This manual is also suitable for:

Gho 26-82 d professional