Ауа Сапасы Сенсорын Тазалау; Алдын Ала Тазалау Сүзгісін Тазалау - Philips AC1215 User Manual

Hide thumbs Also See for AC1215:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Ауа сапасы сенсорын
тазалау
Тазартқыш дұрыс жұмыс істеуі үшін ауа
сапасы сенсорын 2 ай сайын тазалаңыз.
Ескертпе
• Ауа тазартқыш шаңды ортада
пайдаланылатын болса, оны жиі тазалау
қажет.
• Бөлмедегі ылғалдылық деңгейі
өте жоғары болса, ауа сапасының
сенсорында конденсат түзіліп, ауа
сапасының шамы ауа сапасы іс жүзінде
жақса болса да, нашар ауа сапасын
көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда, ауа
сапасының сенсорын тазалаңыз немесе
жылдамдығы қолмен бапталған ауа
тазартқышты пайдаланыңыз.
1
Ауа тазартқышты өшіріп, қабырға
розеткасынан ажыратыңыз.
2
Ауа сапасы сенсорының кіріс және
шығыс жолын жұмсақ щеткамен
тазалаңыз (r-сурет).
3
Ауа сапасы сенсоры қақпағын алыңыз
(s-сурет).
4
Ауа сапасы сенсорын, шаң болған кіріс
және шығыс жолын дымқыл мақта
тампонымен тазалаңыз (t-сурет).
5
Барлық бөліктерін құрғақ мақта
тампонымен сүртіңіз.
6
Ауа сапасы сенсоры қақпағын жабыңыз
(u-сурет).
Ескертпе
• Ауа тазартқыш жұмыс істеп тұрғанда
ауа сапасы сенсорының қақпағы жабық
болуы тиіс.
Алдын ала тазалау сүзгісін
тазалау
Экранда F0 мәні көрсетілгенде алдын ала
тазалау сүзгісін тазалаңыз (v-сурет).
1
Ауа тазартқышты өшіріп, қабырға
розеткасынан ажыратыңыз.
2
Алдыңғы панельдің төменгі бөлігін
тартып, ауа тазартқыштан шығару үшін
жайлап көтеріңіз (c-сурет).
3
Қысқышты (1) төмен қарай басып,
алдын ала тазалау сүзгісін өзіңізге қарай
тартыңыз (2) (d-сурет).
4
Алдын ала тазалау сүзгісі өте лас болса,
шаңды кетіру үшін жұмсақ щетканы
пайдаланыңыз. Одан кейін, алдын ала
тазалау сүзгісін кран суының астында
жуыңыз (w-сурет).
5
Алдын ала тазалау сүзгісін қайтадан ауа
тазартқышқа салмастан бұрын мұқият
құрғатыңыз.
Ескертпе
• Алдын ала тазалау сүзгісінің қызмет
мерзімін оңтайландыру үшін тазалағаннан
кейін толығымен құрғатыңыз.
• Сүзгіні қолданғаннан кейін, қолдарыңызды
жуыңыз.
6
Алдын ала тазалау сүзгісін қайтадан ауа
тазартқышқа салыңыз (k-сурет).
Ескертпе
• Қысқышы бар жақ өзіңізге қарап
тұрғанын және алдын ала тазалау
сүзгісінің барлық ілмектері ауа
тазартқышқа дұрыс бекітілгенін
тексеріңіз.
ҚҚ
25

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents