LG HBM-290 User Manual page 256

Bluetooth headset
Hide thumbs Also See for HBM-290:
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Қосымша ақпарат
2. Жарылыс қаупі ықтимал орта
Жарылыс қаупі ықтимал ортада электрондық құрылғыны өшіріп қойыңыз.
Электрондық құрылғыдан ұшқын шығуы мүмкін, бірақ ол сирек болады. Мұндай
орталарда ұшқындардан жарылыс немесе өрт шығып, денеге жарақат түсуі немесе
адам өліміне алып келуі мүмкін. Жарылыс қаупі ықтимал орталар жиі анық белгіленіп
қояды, бірақ әрдайым белгілене бермейді.
3. Батарея туралы ақпарат
Қайта зарядталатын батарея дұрыс пайдаланылса, ұзақ жұмыс істейді.
Жаңа батареяның немесе ұзақ уақыт пайдаланылмаған батареяның бірінші
пайдаланылған уақытта мүмкіндігі аз болуы мүмкін. Батареяны шамадан тыс
+60°(+140°F) жоғары немесе -20°(-4°F) төмен температураларға шығарушы
болмаңыз. Батарея мүмкіндігін арттыру үшін батареяны бөлме температурасында
пайдаланыңыз. Егер батарея төмен температураларда пайдаланылса, батареяның
мүмкіндігі кемиді. Батареяны +10°(+50°F) және +45°(+113°F) аралықтағы
температураларда ғана зарядтауға болады.
Ескі батареяларды және аккумуляторларды шығарып алу
(ТЕК кірістірілген батареясы бар өнім)
Өнімнің ішінде пайдаланушы шығарып ала алмайтын батарея кірістірілгендіктен,
LG компаниясы өнімді пайдалану мерзімі аяқталғанда оны алмастыру немесе қайта
өңдеу үшін батареяны тек білікті маманның шығарып алуына кеңес береді. Өнімді
зақымдап алмас үшін және өз қауіпсіздігі үшін пайдаланушы батареяны шығарып
алуға тырыспағаны дұрыс және LG Service Helpline қызметіне немесе көмек алу үшін
басқа жеке қызмет көрсету провайдеріне хабарласқаны жөн.
Батареяны шығарып алу үшін өнімді бөлшектеу, кабельдердің/түйіспелерінің
байланысын ажырату және батарея ұясын арнайы құралдармен абайлап алу керек.
Батареяны қауіпсіз шығарып алу бойынша білікті маманның нұсқауы қажет болса,
http://www.lge.com/global/sustainability/environment/take-back-recycling бетіне кіріңіз.
12

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents