Электро Магниттік Өрістер (Эмө); Жалпы Шолу; Құралды Пайдалану - Philips HD9104 User Manual

Hide thumbs Also See for HD9104:
Table of Contents

Advertisement

Available languages

Available languages

  • ENGLISH, page 1
Мұздатылған ет, тауық немесе теңіз тағамдарын буламаңыз. Мұндай
азық-түліктерді әрдайым әбден еріткеннен кейін буға пісіріңіз.
Бумен пісіргішті тамшы науасынсыз қолдануға болмайды, себебі
құрылғыдан ыстық су шашырауы мүмкін.
1, 2 және 3-бумен пісіру табақтары мен үстіңгі бумен пісіру табағын
тек түпнұсқа негізгі бөлігімен бірге пайдаланыңыз.
Қуат сымын ыстық жерлерден аулақ ұстаңыз.
Ескерту
Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты
ұсынбаған қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдаланушы
болмаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз,
құралдың кепілдігі өз күшін жояды.
Құрылғының негізгі бөлігін өте жоғары температурада, ыстық газда,
бумен пісіргіштен басқа көздерден шыққан буда немесе ылғалды
жылуда ұстамаңыз. Бумен пісіргішті қосылып тұрған, не болмаса әлі
ыстық пештің немесе плитаның үстіне немесе қасына қоймаңыз.
Розеткадан ажыратпас бұрын, құрылғының өшірілгенін тексеріңіз.
Тазарту үшін, алдымен құралды розеткадан ажыратып, суытып алу
керек.
Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрылғыны дұрыс қолданбаса,
кәсіби немесе жартылай кәсіби мақсаттарда қолданса, пайдаланушы
нұсқаулығындағы нұсқауларға сәйкес қолданбаса, кепілдік жарамсыз
болады және Philips компаниясы болған зақымдарға байланысты кез
келген жауапкершіліктен бас тартады.
Бумен пісіргішті тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойып, оның
қатты ысып кетуін болдырмау үшін, айналасында кемінде 10 см бос
жер қалдырыңыз.
1, 2 және 3-бумен пісіру табақтарын алынбалы түптерімен
пайдаланған жағдайда, табақ шеттерінің жоғары қарап тұрғанын
және түбінің орнына түскенін («сырт» ете түседі) тексеріңіз.
Бумен пісіргіш жұмыс істеп тұрғанда немесе оның қақпағын ашқанда,
одан қатты ыстық бу шығатынын ескеріңіз. Тамақты тексерер кезде,
сабы ұзын ас үй құралдарын қолданыңыз.
Әрдайым қақпақты абайлап алып, алысырақ қойыңыз. Күйіп қалмас
үшін қақпақтағы суды бу пісіргішке ағызыңыз.
Ыстық тағамды араластырып тұрғанда немесе оны табақтан түсіріп
алып жатқанда, бумен пісіру табақтарын тұтқаларының бірінен
ұстаңыз.
Тамақ ыстық болып тұрғанда, бумен пісіру табақтарын тұтқаларынан
ұстаңыз.
Істеп тұрғанда, пісіргішті қозғамаңыз.
Бумен пісіргіш істеп тұрғанда, оның үстінен еңкеймеңіз.
Құрылғының ыстық беттерін ұстамаңыз. Құрылғының ыстық
бөліктерін ұстағанда әрдайым пешке арналған қолғап киіңіз.
Құралды қабырғалар мен ыдыс-аяқ шкафтары сияқты бумен
зақымданатын заттардың астына немесе жанына қоюға болмайды.
Құралды жарылатын және/немесе жанатын булар бар жерде
қолдануға болмайды.
Қауіпті жағдай туғызбас үшін, құрылғыны таймер қосқышына немесе
қашықтан басқару жүйесіне жалғамаңыз.
Су ыдысының ішінде елек бар. Елек шығып кеткен болса, балалар
жұтып қоймас үшін, олардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Автоматты өшіру
Бумен пісірудің орнатылған уақыты аяқталғанда, құрылғы автоматты
түрде өшеді.
Сусыз қайнатудан қорғау функциясы
Бұл бумен пісіргіште қайнап суалудан қорғау мүмкіндігі бар. Су ыдысында
су болмағанда немесе қолдану кезінде су бітіп қалған кезде құрылғы
қосылса, қайнап суалудан қорғау функциясы оны автоматты түрде
өшіреді. Қайтадан пайдаланбас бұрын бумен пісіргішті 10 минут суытып
алыңыз.
Қайта өңдеу
Бұл өнім қайта өңдеп, қайта пайдалануға болатын жоғары сапалы
материалдар мен бөлшектерден жасалған.
Өнімде үсті сызылған дөңгелекті қоқыс жәшігінің белгісі болса, өнім
Еуропалық 2002/96/EC директивасына кіретінін білдіреді.
Өнімді еш уақытта басқа тұрмыстық қоқыспен бірге тастамаңыз.
Электр және электрондық өнімдердің бөлек жиналуы туралы жергілікті
ережелермен танысыңыз. Ескі өнімді қоқысқа дұрыс әдіспен тастау арқылы
қоршаған ортаны және адам денсаулығын сақтап қалуға болады.
2 Электро магниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге (EMF) қатысты
барлық талаптарға сәйкес келеді. Нұсқаулықта көрсетілгендей және
ұқыпты қолданылған жағдайда, құралды пайдалану қазіргі ғылыми
дәлелдер негізінде қауіпсіз болып табылады.
3 Кіріспе
Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына
қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді
www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.
Бумен пісіргішті пайдалануға арналған рецептілерді алу үшін www.philips.
com/kitchen торабына өтіңіз
4 Жалпы шолу
a Қақпақ
b Үстіңгі бумен пісіру табағы
c Алынбалы ыдыс түбі
d 3-бумен пісіру табағы
e Алынбалы ыдыс түбі
f 2-бумен пісіру табағы
g Алынбалы ыдыс түбі
Ескертпе
• HD9124/25/26: бір үстіңгі бумен пісіру табағы мен түбі алынатын үш бумен пісіру табағы
• HD9115/16: бір үстіңгі бумен пісіру табағы мен түбі алынатын екі бумен пісіру табағы
• HD9104: түбі алынбайтын екі бумен пісіру табағы
5 Бірінші рет пайдалану алдында
1
Құралды алғаш қолданар алдында, тамаққа тиетін
бөлшектерді жақсылап тазалаңыз («Тазалау және техникалық қызмет
көрсету» тарауын қараңыз).
2
Су ыдысының ішін дымқыл шүберекпен сүртіп алыңыз.
6 Құралды пайдалану
Кеңес
• Құралды тегіс, тұрақты және көлденең жерге қойыңыз.
• Су ыдысына суды ең жоғарғы деңгейіне дейін құйыңыз. су ыдысы толы болғанда, бумен
пісіргіш шамамен 1 сағат пісіреді.
• Су ыдысына тек су құйыңыз. Дәмдеуіш, май немесе басқа заттарды су ыдысына құймаңыз.
Ескертпе
• Әртүрлі бумен пісіру уақыттарын қажет ететін тамақтарды пісіргіңіз келгенде, таймерді
ең ұзақ бумен пісіру уақытына қойыңыз. Ең ұзақ бумен пісетін тамақты 1-табаққа салыңыз.
Дисплейдегі қалған бумен пісіру уақыты қысқарақ бумен пісіру уақытымен теңескенше
пісіріңіз. Содан кейін, қолғаппен қақпақты абайлап алыңыз да, қысқарақ уақытты пісетін
тамақ салынған 2-табақты 1-табақтың үстіне қойыңыз. Қақпақпен 2-табақты жауып,
орнатылған бумен пісіру уақыты біткенше бумен пісіруді жалғастырыңыз.
• Жоғарғы табақтағы тамақ төменгі табақтағы тамаққа қарағанда ұзағырақ піседі.
• Тамақты көп мөлшерде пісірсеңіз, бумен пісіру процесінің жартысы өткенде тамақты
араластырыңыз. Пеш қолғабын киіп, сабы ұзын ас үй аспабын қолданыңыз.
• Шөптер мен дәмдеуіштерді қолданған жағдайда, тамшы науасын шайып, дәмдендіргішті
сулап жіберіңіз. Бұл шөптер мен дәмдеуіштердің дәмдендіргіштің тесіктерінен түсіп
кетуінің алдын алады. Бумен пісірілетін тағамыңызға қосымша дәм қосу үшін, керек болса,
кептірілген немесе жас шөпті немесе дәмдеуіштерді дәм күшейткішке салуға болады.
Тағамды бумен пісіру (3 және 6-сурет)
Бумен пісірілетін тамақты бір немесе бірнеше бумен пісіру табағына
және/немесе үстіңгі бумен пісіру табағына салыңыз. Шоколадты/майды
ерітуге арналған және күріш пісіруге арналған табақты пайдалануға да
болады.
h 1-бумен пісіру табағы
i Дәм күшейткіш
j Тамшы науасы
k Су ыдысы бар негізгі бөлік
l Бумен пісіру уақытын реттеу
түймесі
m Бумен пісіру жарығы
n Су кіретін жер

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Hd9126Hd9116Hd9115Hd9124Hd9125

Table of Contents