Sony KD-75X850xC Reference Manual page 694

Hide thumbs Also See for KD-75X850xC:
Table of Contents

Advertisement

Қауіпсіздік туралы
Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.
Тұтынушылар үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тəжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын Sony дилерлері немесе
лицензиясы бар мердігерлер жасауы
керек жəне орнату барысында
қауіпсіздікке аса назар аударыңыз. Sony
дұрыс қолданбау, дұрыс орнатпау
немесе көрсетілген құрылғыдан
басқаны орнату салдарынан болған
зақымдарға немесе жарақатқа жауапты
емес. Заңды құқығыңыз (қандай да бір)
жарамайды.
Sony дилерлері үшін
Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті
түрде тəжірибе қажет. Орнату
жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау
үшін осы нұсқаулықты толық оқып
шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау
немесе дұрыс орнатпау салдарынан
болған зақымдарға немесе жарақатқа
жауапты емес. Орнатқаннан кейін
тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.
Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс
қолданылуын жəне зақымды болдырмауға
қажетті алдын алу шараларын көрсетеді.
Осы нұсқаулықты толық оқып шығып, өнімді
дұрыс қолданыңыз. Болашақта ақпарат алу
үшін осы нұсқаулықты қолжетімді жерде
сақтаңыз.
Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып
жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса,
өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны
лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу
үшін алдын алу шараларын қараңыз.
Қазақстан Республикасы жерінде
тұтынушылардан кінəрат-талаптар
қабылдайтын ұйым
Қазақстандағы «Сони Электроникс» ЖAK
Өкілдігі
050059 Алматы қаласы, Иванилов көшесі,
58 үй
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Арнайы құрылғылар
Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға
арналған құрылғылармен бірге қолдану
үшін жасалған. Қабырғаға орнататын
кронштейнді пайдалануға болатынын
тексеру үшін теледидарға арналған
Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.
Тұтынушылар үшін
ЕСКЕРТУ
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы
салдарынан ауыр жарақатқа немесе
өлімге əкелуі мүмкін.
Орнату жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек және құрылғыны
орнату кезінде
кішкентай балаларды
алыс ұстаңыз.
Қабырғаға бекіту кронштейні немесе
теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі
жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар
мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе
алатындығына көз жеткізіңіз.
 Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе
сынық секілді ауыр жарақаттарға əкелуі
мүмкін.
 Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын
қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе
еденге перпендикуляр болмаса, құрал
құлап, жарақатқа не мүліктің
зақымдануына əкелуі мүмкін. Қабырға
теледидардың салмағынан төрт есе ауыр
салқмақты көтере алуы қажет.
(Салмағын тексеру үшін теледидардың
Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.)
 Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға
берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа
немесе мүліктің зақымдануына əкелуі
мүмкін.
Балалар үшін
 Балаларға теледидар үстіне шығуға
рұқсат бермеңіз.
 Ұсақ жабдықтарын балалардан аулақ
ұстаңыз, жұтып қоймасын.
Теледидарды
тасымалдау немесе
бөлшектеу жұмыстарын
лицензиясы бар
мердігерлер жасауы
керек.
Лицензия бар мердігерлерден басқа
адамдар теледидарды тасымалдаса немесе
бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе
мүліктің зақымдануына əкелуі мүмкін.
Теледидарды екі немесе одан да көп адам
бекітуі немесе бөлшектеуі керек.
Теледидарды
бекіткеннен кейін
бұрандаларды және т.б.
босатпаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
− 3 (KZ) −
Қабырғаға бекіту
кронштейнінің
бөлшектерін
ауыстырмаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға
бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің
зақымдануы мүмкін.
Арнайы құрылғыдан
басқа құралды
бекітпеңіз.
Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек
арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін
жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек
құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып,
жарақатқа не мүліктің зақымдануына əкелуі
мүмкін.
Қабырғаға бекіту
кронштейніне
теледидардан басқа
затты қолданбаңыз.
Теледидарды солға/
оңға, жоғары/төмен
шайқамаңыз.
Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар
құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.
Теледидарға сүйенбеңіз
немесе асылып
тұрмаңыз.
Теледидарға сүйенсеңіз не асылып
тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат
алуыңыз мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Осы алдын алу шаралары сақталмаса,
жарақат алуыңыз немесе мүлік
зақымдануы мүмкін.
Құрылғыны тазалау не
оған күтім жасау кезінде
қатты күш салмаңыз.
Теледидардың жоғарғы бөлігіне қатты күш
салмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз,
теледидар құлауы немесе мүліктің
зақымдануы мүмкін.
Алдын алу
шаралары
 Қабырғаға бекіту кронштейніне
орнатылған теледидарды ұзақ уақыт бойы
пайдалансаңыз, қабырғаның
материалына байланысты теледидар
артындағы не үстіндегі түс өзгеруі немесе
тұсқағаздың түсі кетуі мүмкін.
 Қабырғаға бекіту кронштейнін
орнатқаннан кейін қайта алсаңыз,
қабырғада бұранда саңылаулары қалады.
 Қабырғаға бекіту кронштейнін
механикалық тербеліс əсер ететін орында
пайдаланбаңыз.
KZ

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

Table of Contents