Kärcher SC 1.030 Quick Reference page 256

Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 14
Кепілдеме
Бұйымдарымыз үшін əр елде жауапты
өтім серіктестеріміз тарапынан
шығарылатын кепілдеме шарттары
күште болады. Егер материалдардың
ақаулығы немесе дайындау
барысындағы қателіктер табылса, біз
ықтимал ақаулықтарды кепіл мерзімі
ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі
ішінде наразылықтарыңыз болса,
аспапты сатқан сауда мекемесіне
немесе жақындағы өкілетті сервистік
қызмет көрсету орнына сатып алу чегін
көрсетіп, хабарласыңыз.
Өндірілген күні көрсетілген түр
кестесінде шифрланған
Жеке сандардың мағынасы
келесідей болады
Мысалы
: 30190
3
Өндірілген жылы
0
Өндірілген ғасыры
1
Өндірілген онжылдық
9
Өндірілген айының екінші саны
0
Өндірілген айының бірінші
саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды
09 /(2)013 өндірілген күнін білдіреді
Қауіпсіздік туралы
нұсқаулар
Қауіп
 Жарылу қаупі бар жерлерде
пайдалануға тыйым салынады.
 Қауіпті аймақта бұйымды қолдану
кезінде тиісті қауіпсіздік ережелерін
сақтау қажет.
 Суы бар жүзу бассейнінде
аппаратты қолданбаңыз.
 Пеш, асхана сорғышы, шағын
толқынды пеш, теледидар, фен,
электр қыздырғышы сияқты
электрлі аспаптарды тазалау үшін
бұйымды қолданбаңыз.
 Пайдалану алдында бұйым мен
жабдықтардың дұрыстығын
256
.
:
тексеріңіз. Егер қызметі ойдағыдай
болмаса, қолдануға тыйым
салынады. Электр тоққа қосу
кабелдерін, қауіпсіздік қалпақшасын
жəне бу беру шлангісін ерекше
тексеруден өткізіңіз.
 Бұзылып қалған кабелдерін дереу
түрде осы жұмыстар үшін рұқсаты
бар арнайы мамандар арқылы
ауыстыртып алуыңыз тиіс.
 Бұзылып қалған жоғары қысымды бу
беру шлангісін дереу түрде
ауыстыртып алуыңыз тиіс. Бұйым
шығарушы тарапынан рұқсат
етілген ғана бу беру шлангісі
қолданылуы тиіс.
 Кабель ашасы мен электр
розеткасын ешқашан ылғалды
қолмен ұстамаңыз не түртпеңіз.
 Құрамында қауіпті заттары бар
бұйымдарды бумен тазаламаңыз
(мысалы, таскендір).
 Жақын аралықтан бу ағынына
қолыңызды тигізбеңіз жəне оны
адамдар немесе жануарларға қарай
бағыттамаңыз (ыстық будың
күйдіру қаупі бар).
Сақтандыру
 Бұйымды тек электршінің IEC
.
60364 стандартына сəйкес
қондырған электр розеткасына
қосуға болады.
 Бұйымды тек қана ауыспалы тоққа
қосыңыз. Тоқ кернеуі бұйымның түрі
белгісіндегі көрсетілген кернеуіне
сəйкес болуы тиіс.
 Ылғалды бөлмелерде, мысалы,
ванна бөлмелерінде, бұйымды
арнайы FI қауіпсіздік ажыратып-
қосқышымен розеткаға қосу тиіс.
 Жарамсыз электрлік ұзарту
кабельдерін қолдану қауіпті болуы
мүмкін. Ұзартқыш ретінде тек су
бүркіндісінен сақтайтын кемінде 3 х
1 мм² көлденең қималы электрлік
кабельді пайдаланыңыз.
 Электр ашасы мен ұзартқыш
жалғауы суда жатпау керек.
– 6
KK

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sc 1.030 b

Table of Contents