Philips AVENT SCH580/20 User Manual page 49

Philips avent ultrasonic humidifier sch580/20
Table of Contents

Advertisement

Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 1
кіріспе
Сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips AVENT өнімдеріне
қош келдіңіз дейміз! Philips AVENT компаниясы ұсынатын қолдауды
толығымен пайдалану үшін, өніміңізді www.philips.com/welcome веб-
сайтында тіркеңіз. Philips AVENT компаниясы ата-аналарға сенімділік
пен қамқоршылық сыйлайтын өнімдерді шығаруға мүдделі. Бұл Philips
AVENT дымқылдатқышы лайықты ылғалдылық деңгейін орнату үшін
ауаға ылғалдылық қосу арқылы сәбиіңіздің бөлмесіндегі ауаның сапасын
жақсартуға көмектеседі. Ылғалдылықтың тиісті деңгейі балаңызды
былжыр қабығының тітіркенуінен, терінің құрғақ болуынан әрі
қышуынан, еріннің жарылуынан және тамақтың құрғақ болуынан әрі
ауруынан сақтайды. Былжыр қабықтар дұрыс істемеген жағдайда, олар
сәбиіңізді микробтардан толығымен қорғай алмайды. Бұл сәбиіңізге
суық тиіп қалу немесе грипп жұғу қаупін өсіріп, сәбидің бактерияларға
қарсы төзімділігін азайтады.
Сәбиіңізге еш қауіп төндірмеу үшін, дымқылдатқышты қолданғанда
"Маңызды" тарауындағы қауіпсіздік нұсқауларын ұстаныңыз.
Қажетті ылғалдылық деңгейі
Адамдар жайбарақат сезіну үшін оларға нақты ылғал деңгейі қажет.
Дымқылдатқыш үй ішіндегі ауа ылғалдығын қажетті деңгейде сақтайды.
Ылғалдылықтың деңгейі әдетте 40 пен 60% аралығында болуы тиіс.
30% дан төмен ылғалдылық құрғақ болып, адамға жағымсыз болуы
мүмкін. Philips AVENT дымқылдатқышы әрдайым бөлме температурасы
мен ылғалдығын тексеріп отыру мүмкіндігін беретін гидрометр/
термометр жинағымен бірге беріледі.
Ауадағы су буының мөлшері әдетте ауаны қанықтыруға талап етілетін
деңгейден төмен болып келеді. Қажетті ылғалдық деңгейі дегеніміз ол
ауадағы су буының мөлшері сол сәттегі температура ауасының ұстай
алатын су буының мөлшеріне сәкес келуі тиіс.
Дымқылдатқыштың жұмыс жасауы
Philips AVENT дымқылдатқышы ультрадыбыстық, жиілігі жоғары
бу генерераторын қолданып, суды кішкентай бөлшектерге бөледі.
Вентилятор жүйесі осы су бөлшектерін (буды) құрғақ ауаға үрлеп
тұрады, ал олар ауада буланып, керекті ылғалдылықты қамтамасыз етеді.
Осы ультрадыбыстық техниканың ең жақсы жері, ол дыбыссыз, бөлме
температурасына әсерін тигізбей, және терезелерді, қабырғалар мен
жиһазды буландырмай жұмыс жасайды.
Дымқылдатқыштың су ыдысына шамамен 2 литр су сияды және бөлме
ылғалдылығы мен температурасына байланысты, бір сағат ішінде ол 400
мл ылғал шығарып отырады.
Ингибитор су ыдысында бактерияның өсуіне жол бермейтін
антибактериялық материалдан (ABS) жасалады.
Жалпы сипаттама (Cурет 1)
a Дымқылдатқыш
1
Ыдыс жапқышы
2
Бу шығатын жер
3
Тұтқа
4
Суға арналған сыйымдылық
5
Жұмыс уақытының көрсеткіші
ҚазаҚша
9

Hide quick links:

Advertisement

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Sch580/79Sch580/00Sch580/84Sch580/05Sch580/10Sch580

Table of Contents